А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде жастар арасындағы құқық бұзушылықтарға нөлдік төзім принципі бойынша дөңгелек үстел өткізілді

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде жастар арасындағы құқық бұзушылықтарға нөлдік төзім принципі бойынша дөңгелек үстел өткізілді

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шара жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алуда «нөлдік төзімділік» қағидатын талқылау, сондай-ақ жастардың кез келген құқыққа қайшы әрекеттерге, олардың ауырлық дәрежесіне қарамастан, төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру болып табылады.

Дөңгелек үстел жұмысына Ақмола облысы прокуратурасының, құқық қорғау органдарының өкілдері, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ заң мамандығының студенттері қатысты.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде өткізу және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттігі атап өтілді.

Ақмола облысының прокуратурасы