
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және каникул кезеңінде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Мемлекет басшысының тұжырымдамасын іске асыру аясында «Байка Балакай» атты тегін көрсетілімдік спектакль ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара кешенді профилактикалық сипатқа ие болып, тек жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелерімен шектелмей, жалпы балалар жарақатының алдын алуға бағытталды. Қойылым барысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, өрт қауіпсіздігі, су айдындарындағы (суға кету) жазатайым оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ тұрмыстық және қоғамдық орындарда туындайтын түрлі қауіп-қатерлерге ерекше назар аударылды.
Театрландырылған қойылым арқылы балаларға қауіпсіздік ережелері көрнекі әрі түсінікті түрде жеткізілді. Атап айтқанда, жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі, отты және электр құралдарын пайдалану кезіндегі сақтық шаралары, су маңындағы қауіпсіздік қағидалары, сондай-ақ өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәселелері түсіндірілді.
Аталған спектакльге 180-нен астам бала қатысты.
Іс-шараның мақсаты — кәмелетке толмағандардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, қауіпсіздік талаптарын сақтауға деген жауапкершілікті күшейту, сондай-ақ каникул кезеңінде балалар арасында жазатайым оқиғалар мен жарақаттанудың алдын алу.
Сонымен қатар, іс-шара жас ұрпақтың төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету қабілетін қалыптастыруға, қауіпті жағдайларда дер кезінде көмек сұрай білуге және саналы мінез-құлық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.
Ақмола облысының прокуратурасы