Қосшы қаласының прокуроры Д. Ізбасаров жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, мердігер компаниялармен қала аумағында су тасқынының алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан қар шығару жұмыстарының барысымен танысты.
Нәтижесінде жергілікті атқарушы орган мен мердігер компаниялар қар шығару жұмыстарын күшейту, сондай-ақ су басу қаупінің алдын алу жұмыстарына бағытталды.
Прокуратура тиісті ұсыну енгізді. Аталған жұмыстар қаладағы гидрометеорологиялық жағдай тұрақталғанға дейін бақылауда болады.
Ақмола облысының прокуратурасы