
Степногорск қаласының прокуратурасы демалыс кезеңі қарсаңында қаладағы жалпы білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушыларымен «Прокурор сағаты» атты іс-шара өткізді.
Іс-шараға білім бөлімі мен полиция басқармасының өкілдері қатысты.
Кездесу қолжетімді диалог форматында өтіп, қатысушыларға қолданыстағы заңнама нормалары жеткізілді, әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтың туындау негіздері мен тәртібі, сондай-ақ құқыққа қарсы әрекеттер жасаудың құқықтық салдары түсіндірілді.
Балалармен интерактивті жұмысқа ерекше назар аударылып, ол практикалық жағдайларды (кейстерді) талқылауды, ықтимал құқықтық салдарды қарастыруды және қойылған сұрақтарға жауап беруді қамтыды.
Өткізілген формат балалардың құқықтық сауаттылығын арттырудың тиімді құралдарының бірі болды, ал белсенді қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.
Ақмола облысының прокуратурасы