Зеренді ауданы прокуратурасының үйлестіруімен пробация қызметі есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкенің мақсаты – қылмыстық құқық бұзушылықтарды қайталама жасаудын алдын алу мақсатында, оларды тұрақты жұмысқа орналастыру, әлеуметтік, құқықтық және өзге де көмек түрлерін ұсыну болып табылады.
Жәрмеңкеге қатысушыларға электрондық еңбек биржасында аудан аумағындағы 6 жұмыс берушілер тарапынан жарияланған 13 бос жұмыс орындар ұсынылды.
Жәрмеңке аясында еспете тұрған жұмыссыз 4 тұлғаның 2-і жұмысқа орналастырылды.
Ақмола облысының прокуратурасы