Біржан сал ауданының прокуратурасымен «Көкше-Цемент» ӨБ» ЖШС және «Степняк-су» ШЖҚ МКК-нің 350 жұмыскеріне өткен жылдың желтоқсан айы үшін жалақыны уақтылы төлемеу фактілері анықталды.
Қадағалау органының араласуынан кейін прокурорлық актісі енгізіліп, оны қарау нәтижесінде 60 млн теңгеден астам берешек толық өтелді, ал кәсіпорындардың басшылары әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сонымен қатар, прокуратураның үйлестіруімен аталған кәсіпорындар тарапынан мемлекет кірісіне салықтар бойынша берешек пен өсімпұлдың 2 млн теңгеден астам сомасы өндірілді.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын және қоғам мүдделерін қорғау өңір прокуратурасы қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді.
Ақмола облысының прокуратурасы