Көкшетау қаласының прокуратурасы сотталғандармен кездесу өткізді

Көкшетау қаласының прокуратурасы сотталғандармен кездесу өткізді

Көкшетау қаласының Карьерлік орталығында қала прокуратурасының қатысуымен пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалармен кездесу өткізілді.

Іс-шара сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу, қайталама қылмыстың алдын алу және жазасын өтегеннен кейін оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу аясында қаладағы түрлі ұйымдар мен жұмыс берушілердің  мамандарының қатысуымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.   

Сотталғандарға өзекті бос жұмыс орындарымен танысуға, жұмыс берушілерден кеңес алуға, сондай-ақ алдағы уақытта жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қарастыруға мүмкіндік берілді.

Іс-шара барысында қала прокуратурасының өкілдері қатысушыларға заңнама талаптарын түсіндіріп, ресми түрде жұмысқа орналасудың маңыздылығына, заң талаптарын сақтауға және қайта құқық бұзушылықтарға жол бермеуге назар аударды.

Осындай іс-шараларды өткізу сотталғандардың әлеуметтік оңалуына, олардың заңға бағынатын өмір салтына қайта оралуына, сондай-ақ жұмысқа мұқтаж азаматтарды қолдау мәселесінде мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер және азаматтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

                                                                       Ақмола облысының прокуратурасы