Зеренді ауданы прокуратурасының үйлестіруімен пробация есебінде тұрған тұлғалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталып, қатысушыларға алғыс білдірілді.
Осындай іс-шараларды өткізу есепте тұрған тұлғалардың әлеуметтік оңалуына, құқықтық санасын арттыруға және «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруға бағытталған.
Ақмола облысының прокуратурасы