Целиноград ауданының прокуратурасы азаматтарды алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады

Целиноград ауданының прокуратурасы азаматтарды алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады

Целиноград ауданының прокуратурасы азаматтарды интернет арқылы таралып жатқан дропперлік алаяқтық схемалары туралы ескертеді.

Дропперлер — өздерінің банк карталарын, шоттарын немесе онлайн-банкингке қолжетімділігін үшінші тұлғаларға ақша аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін беретін адамдар.

Интернеттегі «жеңіл табыс» туралы ұсыныстар көбінесе қылмыстық схеманың бір бөлігі болуы мүмкін.

Банк картаңызды немесе деректеріңізді басқа адамдарға беру, сондай-ақ олардың өтініші бойынша ақша аудару қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

 Ешқашан бермеңіз:

  • банк карталарын
  • шот реквизиттерін
  • онлайн-банкингке қолжетімділікті

Өз деректеріңізді қорғаңыз және алаяқтық схемаларға қатысушы болмаңыз.

Ақмола облысының прокуратурасы