Егіндікөл ауданы прокуратурасымен талдау барысында жұмысшылардың жалақысын төлемеу фактісі анықталды.
«Егіндікөл Су Арнасы» ШЖҚ МКК-нің жалпы сомасы 7 млн теңгені құрайтын жалақы берешегінің қалыптасқаны анықталған.
Қадағалау актісі бойынша қарыз толық көлемде өтеліп, жауапты лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.
Осылайша, кәсіпорынның 51 қызметкерінің конституциялық құқықтары қорғалды.
Ақмола облысының прокуратурасы