Іс-шара сындарлы диалог алаңына айналып, оған мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, білім беру жүйесінің, құқық қорғау саласының өкілдері, студенттер мен аудан тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер қылмысының алдын алу, сондай-ақ сталкингке және өзге де қудалау нысандарына қарсы іс-қимыл шаралары қаралды.
Қызметкерлер құқық қорғау органдарына өтініш беру тәртібін, құқық бұзушылықтарға ден қою алгоритмін және заңнамада көзделген жәбірленушілерді қорғау шараларын түсіндірді. Білім беру саласының және әкімдік өкілдері оқу орындарында жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар мен балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған шаралар туралы ақпарат берді.
Ақмола облысының прокуратурасы