Степногорск қаласының прокуратурасы «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді

Степногорск қаласының прокуратурасы «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді

Степногорск  қаласының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді.

Акция аясында қала тұрғындарына әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіліп, қолданыстағы заңнама нормалары түсіндірілді, сондай-ақ өзекті мәселелер бойынша консультациялар берілді.

Бірқатар мәселелер оң шешімін тапты, оның ішінде екі айдан астам уақыт бойы зейнетақысын ала алмаған «И» азаматының зейнетақы шотына сот орындаушысымен заңсыз салынған тыйым алынды.

Қала тұрғындарының ұжымдық өтініштері бойынша қала әкімдігімен бірлесіп қаңғыбас және қараусыз иттерді аулау ұйымдастырылды, әлеуметтік нысандар маңындағы жол-көлік инфрақұрылымын тазалау мәселелері бойынша шағымдар қаралып, шешілді.

Сонымен қатар, қала тұрғындары білім беру, тұрғын үй қатынастары, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік заңнама мәселелері бойынша тегін заңгерлік кеңестер алды.

Акция қорытындысы бойынша қатысушылар бастаманы оң бағалап, оның практикалық маңыздылығын атап өтті.

Ақмола облысының прокуратурасы