Есіл ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда

Есіл ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда

Есіл ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу және оның қауіп-қатерін азайту мақсатында жүйелі түрде тиісті шаралар қабылдануда. Жұмыстар бекітілген су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылуда.

Коммуналдық қызметтер тарапынан көшелер, елді мекен ішіндегі жолдар, кіреберіс жолдар және су басу қаупі бар аумақтар қардан тазартылуда. Еріген қар суларын кедергісіз өткізуге ерекше назар аударылуда.

Бүгінгі күнге дейін 84 000 текше метрден астам қар шығарылды. Арнайы техникалар жұмылдырылып, жұмыстар жоспарлы түрде жалғасуда.

Атқарылып жатқан шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және су тасқыны кезеңінде инфрақұрылым нысандарының тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған.

Ақмола облысының прокуратурасы