Шортанды ауданының прокуратурасы кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша кеңес өткізді

Шортанды ауданының прокуратурасы кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша кеңес өткізді

Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Шортанды ауданының прокуратурасымен жергілікті атқарушы органдардың, төтенше жағдайлар бөлімінің, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының, мемлекеттік кірістер органдарының, аудандық полиция бөлімінің өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Кеңес барысында инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге бағытталған инвесторларды қорғау жөніндегі «прокурорлық сүзгі» тетігін қолдану мәселелері қаралды.

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне, сондай-ақ қабылданатын басқарушылық шешімдердің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға кәсіпкерлік және инвестициялық қызмет саласында заң бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.

Жағдай аудан прокуратурасының бақылауында.

Ақмола облысының прокуратурасы