Көкшетау қаласының прокуратурасы «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесімен жұмыс ұйымдастыру мәселелері бойынша Ақмола облыстық адвокаттар алқасы және Көкшетау қаласы полиция басқармасының өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өткізді.
Іс-шараға облыстық адвокаттар алқасының төрағасы, облыстық адвокаттар алқасының заңгерлік кеңсенің меңгерушісі және полиция басқармасының басшылары қатысты.
Кездесу барысында қылмыстық істер бойынша мемлекеттік қорғаушыларды тартумен байланысты проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша қылмыстық іс барысындағы тараптардың өзара әрекеттесу тиімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.
Ақмола облысының прокуратурасы