Целиноград ауданының прокуратурасымен әлеуметтік шиеленіс ошағы жойылды

Целиноград ауданының прокуратурасымен әлеуметтік шиеленіс ошағы жойылды

Целиноград ауданы прокуратурасы азаматтарды «Естуші мемлекет» концепциясы аясында қабылдау нәтижесінде Коянды ауылы тұрғындарының 92-нөмірлі толық трансформаторлық подстанцияның (ТТП) бұрынғы иесінің әрекеттері жөнінде шағымдары бойынша кешенді шаралар қабылдады.

Анықталғандай, ТТП-ның бұрынғы иесі 2020 жылдан 2023 жылға дейін  «Ақмола тарату электр желі компаниясы» АҚ-на 6 353 000 теңге көлемінде қарыз жасаған.

Аталған факті бойынша  ұрлық жасау ниетіңсіз мүліктік зиян келтіргені ушін  алдын ала тергеу басталды.

Қазіргі уақытта ТТП-ның бұрынғы иесіне қатысты қылмыстық іс қаралу үшін сотқа жіберілді.

Ақмола облысының прокуратурасы