Бұланды ауданының прокуратурасы аудандық Полиция бөлімімен бірлесіп Макинск қаласының мектеп-лицейінде «Заң мен тәртіп» – қауіпсіз балалық шақтың кепілі және сталкингтің алдын алу тақырыбында форум өткізді.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Форум барысында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ сталкингке қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Қатысушыларға құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі және заңнамада көзделген қорғау шаралары түсіндірілді.
Ақмола облысының прокуратурасы