
Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындықты қамтамасыз ету мақсатында аудан прокуроры мен аудан әкімі жергілікті атқарушы органдардың, төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдерінің қатысуымен ауданның барлық ауылдық округтерінде көшпелі ведомствоаралық іс-шаралар өткізді.
Іс-шаралар барысында ықтимал су тасқыны жағдайларына дайындық деңгейі, гидротехникалық құрылыстардың, су бұру арналарының және өзге де объектілердің жай-күйі, сондай-ақ жедел ден қою күштері мен құралдарының әзірлігі зерделенді.
Халықты, тұрғын үйлер мен инфрақұрылым объектілерін қорғау бойынша қабылданып жатқан шараларға, ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне, халықты уақтылы хабардар етуге және көктемгі су тасқыны кезеңінде ықтимал қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға ерекше назар аударылды.
Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға су тасқынының ықтимал салдарын болдырмауға және азайтуға, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Аталған мәселе аудан прокуратурасының бақылауында.
Ақмола облысының прокуратурасы