«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Степногорск қаласының прокуратурасының бастамасымен есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қала прокуратурасы есірткі құралдарының заңсыз айналымының жолын кесуге, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар өткізді.
Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – есірткі қылмыстарының алдын алу және қала тұрғындарына есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы қылмыстар үшін қандай әрекеттердің қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын түсіндіру.
Есірткі қылмыстарының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады, ал бұл бағыттағы жұмыс қала прокуратурасының тұрақты бақылауында.
Ақмола облысының прокуратурасы