Есіл ауданының прокуратурасы қадағалау аумағындағы уәкілетті органдармен бірлесіп «Стоп сталкинг: „Заң мен тәртіп“ — балалар қауіпсіздігінің кепілі» атты форум өткізді.
Форумға ата-аналар, білім беру ұйымдарының педагогтері, сондай-ақ прокуратура қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында сталкингтің алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері қарастырылып, қолданыстағы заңнама нормалары және құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауапкершілік шаралары түсіндірілді.
Қатысушыларға қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтау және құқық қорғау органдарына жүгіну алгоритмі бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Ақмола облысының прокуратурасы