
«Қайталанатын қылмыстың алдын алу» жобасы аясында аудан прокуратурасының бастамасымен жергілікті атқарушы орган, мансап орталығы өкілдерінің, сондай-ақ есепте тұрған тұлғалардың қатысуымен кеңес өткізілді.
Кездесу барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері, сондай-ақ есепте тұрған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру шаралары, оның ішінде оларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу мәселелері талқыланды.
Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Ақмола облысының прокуратурасы