
Аршалы ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесіп «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында азаматтарға кенестер өткізілді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.
Акция барысында азаматтардың барлық сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.
Мұндай кездесулер халық пен мемлекеттік органдар арасында тиімді кері байланысты жолға қоюға, өзекті әлеуметтік мәселелерді анықтауға және оларға уақтылы әрекет етуге мүмкіндік береді.
Ақмола облысының прокуратурасы