
Аршалы ауданы прокуратурасының бастамасымен қылмыстардың қайталануының алдын алу мақсатында пробациялық бақылауда тұрған сотталғандардың қатысуымен көрсетілім сот отырысы ұйымдастырылды.
Сот отырысы барысында жаза түрін ауыстыру туралы ұсынысы қаралған есептегі азаматтың, бірнеше рет әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны анықталды. Атап айтқанда, ол коғамдык орындарда алкогольдік ішімдік ішуге жене мас күйінде жүруге жол беріп, коғамдық тәртіпті бұзған, сондай-ақ түнгі уакытта тұрғылықты жерінде болмаган.
Сот қаулысымен шартты түріндегі жазаның 4 жыл өтелмеген бөлігі нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Прокуратура пробациялық бақылауда тұрған тұлғаларды сот белгілеген шектеулерді қатаң сақтауға шақырады: түнгі уақытта тұрғылықты жеріне кетпеу, әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ сот жүктеген басқа да міндеттерді орындау.
Ақмола облысының прокуратурасы