Ақкөл ауданы прокуратурасымен уәкілетті және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп «Құқықтық дәріхана» әлеуметтік акциясы ашық диалог форматта өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және өзекті мәселелерді шешуде жедел көмек көрсету.
Барлық қалаушылар әлеуметтік қорғау, білім беру, тұрғын үй қатынастары салалары бойынша, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік құқықтық мәселелер бойынша тегін заң көмегі мен консультация алды.
Акцияның өткізілуі халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал етті.
Ақмола облысының прокуратурасы