Жақсы ауданының прокуратурасы мемлекеттік органдармен бірлесіп «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізіліп, азаматтарға өздерін толғандыратын барлық құқықтық мәселелері бойынша тегін заң көмегі көрсетілуде.
Акция мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және барлық азаматтарға білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Аудан тұрғындары акция барысында проблемалық мәселелерді шешуге және кеңес алуға мүмкіндік алды.
Ақмола облысының прокуратурасы