
Біржан сал ауданының прокуратурасы заң үстемдігін қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту қағидаттарын іске асыру аясында «Құқықтық дәріхана» әлеуметтік-құқықтық акциясын ұйымдастырды.
Іс-шара аудандық Мәдениет үйінде құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен өткізілді.
Аталған бастама халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың өзекті мәселелерін жедел әрі кәсіби түрде шешуге, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.
Акция барысында азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылып, тегін құқықтық консультациялар берілді, келіп түскен өтініштер бойынша нақты түсіндірмелер ұсынылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу аудан тұрғындарының өтініштерін уақтылы қарауға, туындаған мәселелерді тиімді шешуге және қоғамда тұрақты құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақмола облысының прокуратурасы