Астрахан аудандық прокуратурасы «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді

Астрахан аудандық прокуратурасы «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді

Астрахан аудандық прокуратурасы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ашық диалог форматында «Құқықтық дәріхана» атты әлеуметтік акция өткізді.

Іс-шара аясында азаматтарға тегін заң көмегі көрсетіліп, тұрғын үй және еңбек қатынастары, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық заңнама нормалары бойынша түсіндірмелер берілді.

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар мен профилактикалық материалдар қамтылған ақпараттық буклет дайындалды.

Акцияға 50-ден астам адам қатысты. Іс-шараны өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға ықпал етті.

Құқықтық көмек әрбір азамат үшін ашық әрі қолжетімді.

Ақмола облысының прокуратурасы