Жарқайың аудандық мәдениет үйінде аудан прокуратурасының үйлестіруімен және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен «Құқықтық дәріхана» ақциясы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, түйткілді мәселелердің алдын алу және мемлекеттік органдар мен халық арасындағы тікелей байланысты нығайту болып табылады. «Құқықтық дәріхана» — бұл тұрғындарға заң аясында жедел әрі сапалы көмек көрсетуге бағытталған бірегей алаң.
Қабылдау кезінде аудан тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын тікелей мамандарға қойып, көптен бері шешімін таппай жүрген әлеуметтік, құқықтық және тұрмыстық сұрақтарына жауап алды. Бұл формат бюрократиялық кедергілерді азайтуға және халықтың құқық қорғау жүйесіне деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.
Ақмола облысының прокуратурасы