
Астрахан ауданының прокуратурасы аудан әкімдігі және «AMANAT» партиясымен бірлесіп, еңбек ұжымдары мен аудан тұрғындары арасында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, сондай-ақ еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған кездесу ұйымдастырды.
Іс-шаралардың мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілікті нығайту.
Кездесу барысында Конституцияға енгізілген негізгі өзгерістердің мәні мен маңызы, олардың заң үстемдігін қамтамасыз етудегі және елдің одан әрі дамуына қосатын рөлі түсіндірілді, сондай-ақ еңбек заңнамасының өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.
Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Өткізілген іс-шаралар халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және туындайтын мәселелерді жедел шешуге ықпал етеді.
Ақмола облысының прокуратурасы