Қосшы қаласында референдум мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қосшы қаласында референдум мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қосшы қаласының прокуратурасы конституциялық референдум мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары аясында ұйымдастырылған кездесуге қатысты.

Іс-шара барысында коалиция өкілдері қала белсенділерімен, «Viamedis» емханасының ұжымымен, «Сапа Су» ЖШС темірбетон бұйымдарын өндіру зауытының қызметкерлерімен, сондай-ақ «ДАРА» бизнес-академиясы мектеп-лицейінің педагогикалық ұжымымен кездесті.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Т. Жүнісов, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты А. Төребаев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ақмола облыстық филиалының директоры Е. Мұсылманбек, Қосшы қалалық мәслихатының төрағасы Ә. Ж. Қуатбеков, «AMANAT» партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Р. Е. Сейдахметов, сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Талқылау барысында елде жүргізіліп жатқан саяси реформаларды іске асыру және Конституцияға ұсынылатын өзгерістердің мазмұны мәселелері қозғалды. Қосшы қаласының прокуратурасы өкілдері заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударып, референдум өткізудің құқықтық аспектілерін түсіндірді.

Кездесу қорытындысы бойынша ашық диалог өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті түсіндірмелер алды

Ақмола облысының прокуратурасы