Шортанды ауданының прокуратурасымен балалардың құқықтарын қорғалды

Шортанды ауданының прокуратурасымен балалардың құқықтарын қорғалды

Шортанды ауданының прокуратурасымен қолайсыз отбасыларда тұратын балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйіне жүргізілген талдау барысында ата-аналық міндеттерді тиісінше орындамау фактілері анықталды.

Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде бір отбасында төрт кәмелетке толмаған баланың қауіпсіз және тиісті өмір сүру жағдайлары қамтамасыз етілмеген, бұл өз кезегінде олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

Анасының тұрақты тұрғын үйі, табыс көзi және тұрақты мекен жайы жоқ, аудандық полиция бөлімінде «Кәмелетке толмаған балалардың тәрбиесі мен қамқорлығын орындамайтын, олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-ана» санаты бойынша есепте тұр және бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның шешімімен балалар анаcынан оқшауландырылды. Аудан прокуратурасының тапсырмасы бойынша оны ата-аналық құқықтарынан айыру туралы сотқа жүгіну ұйымдастырылды.

Алғашқы кезеңде балалар тексеруден өткізу және қажетті медициналық іс-шараларды жүргізу үшін уақытша аудандық ауруханаға орналастырылды.

Олардың медициналық мекемеде болған кезеңінде аудан прокуратурасының қызметкерлерімен балаларға қолайлы әрі қолдаушы орта қалыптастыру мақсатында балаларға арналған сыйлықтар табысталды.

Үлкен үш кәмелетке толмаған бала Балаларды қолдау орталығына, ал кіші бала Щучинск қаласындағы мамандандырылған балалар үйіне жіберілді.

Аудан прокуратурасы кәмелетке толмағандарды орналастыру жағдайларын бақылауды қамтамасыз етіп, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша шаралар қабылдауды жалғастыруда.

Ақмола облысының прокуратурасы