Астрахан ауданының прокуратурасы жаңа Конституциялық реформаның қабылдануы бойынша және еңбек құқықтарын қорғау мәселелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Астрахан ауданының прокуратурасы жаңа Конституциялық реформаның қабылдануы бойынша және еңбек құқықтарын қорғау мәселелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Астрахан ауданының прокуратурасы аудан әкімдігі және «AMANAT» партиясымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша кездесу өткізді.

Сонымен қатар, Аудан прокуратурасы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен құқықтық сауаттылықты арттыруға және олардың еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған еңбек заңнамасы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шаралардың мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілікті нығайту.

Кездесу барысында Конституцияға енгізілген негізгі өзгерістердің мәні мен маңызы түсіндіріліп, олардың ел дамуы мен заң үстемдігін қамтамасыз ету және еңбек заңнамасының мәселелері жан-жақты рөліне ерекше назар аударылды.

Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.

Бұл іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мәселелерді жедел шешуге ықпал етеді.

Ақмола облысының прокуратурасы