
Ақкөл ауданы әкімдігінің ғимаратында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдумды өткізу тәртібін түсіндіруге бағытталған іс-шара өтті.
Кездесу Ақкөл ауданының прокуратурасы тарапынан аудан әкімдігі және полиция қызметкерлерімен бірлесіп, заңдылықты, ашықтықты және азаматтардың сайлау құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, сайлау комиссиясының мүшелері және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.
Қатысушыларға конституциялық заңнама нормалары, дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу тәртібі, сондай-ақ референдумға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Ашықтық, еріктілік және дауыс берудің құпиялылығы қағидаттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақмола облысының прокуратурасы