Қосшы қаласының прокуратурасы Конституция бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Қосшы қаласының прокуратурасы Конституция бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Қосшы қаласының прокуратурасы «Қосшы су» ШЖҚ МКК еңбек ұжымымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында прокурорлар Конституцияға енгізілген негізгі жаңашылдықтар мен өзгерістердің мән-маңызын кеңінен түсіндіріп, олардың ел дамуы мен заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды.

Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. Аталған іс-шара қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.

Ақмола облысының прокуратурасы