Ақмола облысының прокуратурасымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға арналған «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді

Ақмола облысының прокуратурасымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға арналған «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді

Ақмола облысының  прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен, нотариустармен, адвокаттармен және сот орындаушыларымен бірлесіп «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-құқықтық және психологиялық қолдау орталығының базасында ауқымды «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді.

Іс-шара тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға, оның ішінде қолайсыз отбасылар мен тәуекел тобына жатқызылған отбасыларға құқықтық және консультациялық көмек көрсетуге бағытталды.

Акция аясында 100 адам қамтылды.

Жүгінген азаматтардың барлығына тегін заң көмегі көрсетіліп, әлеуметтік қорғау, білім беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік заңнама салаларында өзекті консультациялар берілді.

Сонымен қатар, мәселенің өзектілігін ескере отырып, азаматтарды күмәнді және заңсыз әрекеттерге тартудың алдын алу мақсатында алаяқтардың негізгі схемалары түсіндірілді.

Ақмола облысының прокуратурасы