Степногорск қаласының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, қала тұрғындарына арналған «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру, сондай-ақ құқықтық мәселелерді шешуге көмек көрсету.
Акция барысында әртүрлі мәселелер бойынша 100-ден астам тұрғын қабылданды.
Барлық ниет білдірушілерге әлеуметтік қорғау, білім беру, тұрғын үй қатынастары, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік заңнама салаларындағы өзекті мәселелер бойынша тегін заң көмегі мен консультациялар көрсетілді.
Акция қорытындысы бойынша қала тұрғындары аталған бастаманы оң бағалап, оның тәжірибелік маңыздылығын атап өтті.
Ақмола облысының прокуратурасы