Ақкөл ауданы Домбыралы ауылының жалпы білім беретін мектебінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, интернет-алаяқтықтың және есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында оқушыларымен «Прокурор сағаты» атты профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара прокуратураның үйлестіруімен, полиция қызметкерлерінің және білім беру бөлімінің қатысуымен ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға заңнама талаптары, құқық бұзушылық үшін жауапкершілік, интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ есірткі қылмыстарының алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Ерекше назар интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлеріне, күмәнді сілтемелер мен хабарламалардан сақ болуға, жеке деректерді қорғауға, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді қауіпсіз пайдалануға, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымының салдарына аударылды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, құқықтық сауаттылықтарын арттыруға бағытталған пайдалы мәліметтермен танысты.
Мұндай іс-шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда, интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыруда және өскелең ұрпақты жауапкершілік пен заңдылық рухында тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
Ақмола облысының прокуратурасы