Біржан сал ауданында педагогтардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды

Біржан сал ауданында педагогтардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды

Біржан сал ауданының прокуроры Ануар Құлышев Степняк қаласындағы №2 орта мектептің мәжіліс залында білім беру саласы қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға арналған облыстық отырысына қатысты.

Іс-шарада «Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының» төрағасы Б.Қ. Әбідрахманов, жергілікті атқарушы органның басшылығы, мектеп директорлары және педагогтар қатысты.

Өз сөзінде, прокурор жүргізіліп жатқан Конституциялық реформаның негізгі жаңалықтарына тоқталып, білім беру нысандарындағы әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуде кәсіподақтың маңызын атап көрсетті және жергілікті деңгейде даулардың алдын алу бойынша оң динамикасын ерекше атады.

Қатысушыларға білім беру саласындағы заңнаманы қатаң сақтау, психологтардың жұмысын күшейту, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау, сондай-ақ буллингті алдын алу және оқушылар арасындағы суицидтік бейімділіктерді анықтауға бағытталған профилактикалық шараларды күшейті туралы жеткізілді.

Ақмола облысының прокуратурасы