Көкшетау қаласының прокуратурасы кеңейтілген облыстық отырысқа қатысты

Көкшетау қаласының прокуратурасы кеңейтілген облыстық отырысқа қатысты

Көкшетау қаласының прокуратурасы облыстық  Білім басқармасымен, Көкшетау қаласының Білім бөлімімен, облыс білім қызметкерлері кәсіподағымен, сондай-ақ Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өкілдерімен бірлесіп өткізілген кеңейтілген облыстық отырысқа қатысты.

Отырыс барысында педагог қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау, еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру, еңбекақы төлеу және әлеуметтік қолдау мәселелері қаралды. Білім беру ұйымдарында еңбек кепілдіктерін қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер талқыланып, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары айқындалды.

Қорытындысы бойынша заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және педагогтердің құқықтарын қорғау бағытында жүйелі бақылауды күшейту қажеттігі атап өтілді.

#заң_мен_тәртіп#

Ақмола облысының прокуратурасы