Сандықтау ауданының прокуратурасы «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді

Сандықтау ауданының прокуратурасы «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді

Сандықтау ауданының прокуратурасы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп «Құқықтық дәріхана» әлеуметтік акциясын ашық диалог форматында өткізді.

Іс-шараның мақсаты – азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету, өзекті құқықтық мәселелер бойынша түсіндірме беру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды талап ететін проблемаларды анықтау.

Акция барысында аудан тұрғындары тұрғын үй, еңбек, әкімшілік және қылмыстық заңнама мәселелері бойынша кеңес алды. Әрбір өтініш берушіге заң нормалары, құқықтарын қорғау тәртібі және одан әрі әрекет ету алгоритмдері түсіндірілді.

Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтармен ашық диалог орнатуға және әлеуметтік маңызы бар мәселелерді жедел шешуге бағытталған.

Ақмола облысының прокуратурасы