Қосшы қаласы прокуратурасының қадағалау қызметі аясында Ақмола облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаментімен өзара іс-қимыл барысында ұрлық фактісі анықталып, оған тиісті құқықтық баға берілді.
Анықталғандай, Қосшы қаласының тұрғыны «Н.» азамат «Г.» есімді азаматшаның үй аумағына заңсыз кіріп, оған тиесілі мүлікті жасырын түрде ұрлаған.
Аталған дерек бойынша (ҚР ҚК 188-бабы бойынша) ұрлық фактісімен қылмыстық іс тіркелді. Сондай-ақ «Н.» азаматының бұрын да бірнеше рет қылмыстық жауаптылыққа тартылғаны белгілі болды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыстық іс сотқа жолданып, сот талқылауының қорытындысы бойынша айыптау үкімі шығарылып, кінәлі тұлғаға заң талаптарына сәйкес жаза тағайындалды.
Бұл жағдай ұрлықтың кездейсоқ әрекет емес, қылмыстық құқық бұзушылық екенін тағы бір мәрте көрсетеді. Кейде ешкім байқамағандай көрінген әрекеттердің өзі міндетті түрде құқықтық бағасын алады.
Прокуратура азаматтарды заң талаптарын сақтауға және өзгенің мүлкіне құрметпен қарауға шақырады. Бұл — қоғамдағы сенімнің, қауіпсіздіктің және тыныштықтың негізі.
Ақмола облысының прокуратурасы