Степногорск қаласы прокуратурасының бастамасымен сотталғандарды еңбекпен қамтылу мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Степногорск қаласы прокуратурасының бастамасымен сотталғандарды еңбекпен қамтылу мәселесі бойынша  дөңгелек үстел өткізілді

Сотталғандардың еңбекпен қамтылу деңгейін арттыру мақсатында қала прокуратурасының бастамасымен «Еңбек-Көкшетау» РМК өкілдерінің, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған және әлеуетті кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында өнімді өткізу мәселелері, өндірістік қызметті ұйымдастыру және кеңейту шарттары, сондай-ақ кәсіпкерлердің мекемемен өзара іс-қимыл тетіктері талқыланды.

Кездесу аясында ҚАЖ РММ «№4 мекемесінің» өндірістік аймағына аралау ұйымдастырылып, өндірістік ғимараттар мен бос алаңдар көрсетілді, сондай-ақ қолданыстағы өндірістерде пайдаланылатын жабдықтар мен технологиялар таныстырылды.

Қабылданған шаралар кәсіпкерлерді тартуға, өндірістік базаны дамытуға және сотталғандар үшін жұмыс орындарын ұлғайтуға бағытталған.

Ақмола облысының прокуратурасы