
Целиноград ауданы прокуратурасы құқықтық ағарту бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда.
Аталған жұмыс аясында Целиноград ауданы прокуратурасының қызметкерлері Коянды ауылының №3 мектеп-лицейінде оқушылардың қатысуымен «Прокурор сағаты» іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында өскелең ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыруға, заң талаптарын сақтауға, қоғамдағы мінез-құлық нормаларын ұстануға, өзгенің құқықтарын құрметтеуге және әрбір жасөспірімнің жеке жауапкершілігін арттыруға бағытталған «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Кездесу барысында заңға бағынатын өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқықтық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды.
Ақмола облысының прокуратурасы