Ақмола облысы Полиция департаменті басшылығының бастамасымен және облыстық прокуратурамен бірлесіп, Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында мектептер мен колледждерде оқитын балалардың ата-аналарымен ауқымды жалпықалалық кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі тақырыбы – қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру болды. Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы агрессивті және деструктивті мінез-құлықтың алдын алу, медиасауаттылықты дамыту, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, сондай-ақ «Заң және тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі» идеологемасы аясында қорлау, кемсіту және әлеуметтік оқшаулау фактілеріне уақтылы әрекет ету мәселелері талқыланды.
Іс-шараға 33 мектеп директоры, 12 колледж директоры, сондай-ақ колледж студенттері мен 7–11 сынып оқушыларының 300-ден астам ата-анасы қатысты. Кездесу ашық диалог форматында өтті, бұл қатысушыларға өзекті мәселелерді талқылап, сала мамандарынан нақты түсіндірмелер алуға мүмкіндік берді.
Ақмола облысының прокуратурасы