
Қосшы қаласының прокуратурасы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп «Құқықтық дәріхана» әлеуметтік акциясын ашық диалог форматында өткізді.
Іс-шараның мақсаты – азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету, өзекті құқықтық мәселелер бойынша түсіндірме беру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды талап ететін проблемаларды анықтау.
Акция барысында қала тұрғындары тұрғын үй, еңбек, әкімшілік және қылмыстық заңнама мәселелері бойынша кеңес алды. Әрбір өтініш берушіге заң нормалары, құқықтарын қорғау тәртібі және одан әрі әрекет ету алгоритмдері түсіндірілді.
Іс-шараға 30-дан астам азамат қатысты.
Аталған акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға ықпал етті.
Ақмола облысының прокуратурасы