Бурабай ауданының прокуратурасы ведомствоаралық жедел кеңес өткізді

Бурабай ауданының прокуратурасы ведомствоаралық жедел кеңес өткізді

Жалпы қылмыс деңгейінің төмендеуіне қарамастан, интернет-алаяқтық цифрлық технологияларды пайдалану және азаматтардың алдануына байланысты өзектілігін сақтап отыр.

Аудан прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық жедел кеңес өткізді. Кеңес қорытындысы бойынша халық арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бағытталған қосымша шаралар әзірленді.

Аудан прокуратурасы азаматтарды сақ болуға, жеке және банктік деректерін үшінші тұлғаларға бермеуге, сондай-ақ алаяқтық белгілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына уақтылы жүгінуге шақырады.

Ақмола облысының прокуратурасы