Степногорск қаласы прокуратурасының бастамасымен білім беру мекемелерінде «Жас қорғаушы» жобасы іске асырылуда. Жобаның мақсаты болып кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға саналы және жауапты көзқарасты дамыту және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Жоба шеңберінде оқушылармен жүйелі құқықтық жұмыс, оның ішінде заңнама негіздері бойынша сабақтар, құқықтық жағдайларды талдау, практикалық тапсырмалар және құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулер басты рөл атқарады.
Алдын алу мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, құқық бұзушылықтарды анықтауға және алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Кәмелетке толмағандарға әкімшілік және тергеу-қамауға алынған адамдарды уақытша ұстау изоляторында ұстау шарттары көрсетіліп, жол жүрісі ережелері мен қауіпсіздігімен таныстыра отыра, оқушылармен интерактивті форматта профилактикалық кездесулер (квизалар, құқықтық кейстерді шешу) өткізіліп, ұйымдастырылды.
«Жас қорғаушы» жобасы жасөспірімдер арасындағы қылмыс деңгейін төмендетуге, девиантты мінез-құлықтың алдын алуға және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталғанын атап өтеміз.
Ақмола облысының прокуратурасы