Облыс прокуратурасының бастамасымен облыс кәсіпкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

Облыс прокуратурасының бастамасымен облыс кәсіпкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында облыс прокуратурасының бастамасымен кәсіпкерлер Палатасында бизнес қауымының қатысуымен белгіленбеген уақытта алкоголь өнімдерін заңсыз сату мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға 250-ден астам кәсіпкер қатысты.

Алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың жолын кесуге бағытталған кассалық аппараттарды автоматты түрде бұғаттау тетіктерін енгізу бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді.

Сондай-ақ түнгі уақытта алкоголь тұтынуды азайту шаралары, бизнестің заң алдындағы жауапкершілігі және өзге де мәселелер талқыланды.

Палатамен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Болашақтағы бірлескен жұмыстың басым бағыттары айқындалып, негізгі міндеттер белгіленіп, нақты мақсаттар анықталды.

Бірлескен жұмыс ортақ бастамаларға қол жеткізуде маңызды үлес қосатын болады.

Ақмола облысының прокуратурасы