Біржан сал ауданы прокуратурасы акция өткізуде «Балалық шақ қорғауда»

Біржан сал ауданы прокуратурасы акция өткізуде «Балалық шақ қорғауда»

Біржан сал ауданының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған «Балалық шақ – қорғауда» атты акциясын өткізді.

Акцияны өткізуге полиция, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының, сондай-ақ «Amanat» партиясының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында кәмелетке толмағандарға бейнеролик көрсетіліп, балалардың құқықтарын қорғауға, оларды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілікке қатысты қолданыстағы заңнама нормалары түсіндірілді.

Қатысушыларды белсенді тарту мақсатында балалардың құқықтары мен оларды қорғау тәсілдері жөніндегі білімдерін бекітуге бағытталған сұрақ-жауаптар мен зияткерлік ойындар өткізілді.

Мұндай іс-шараларды өткізу балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заңға бағынышты мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған.

Ақмола облысының прокуратурасы