Зеренді ауданында еңбек ұжымдарымен кездесу өткізілді

Зеренді ауданында еңбек ұжымдарымен кездесу өткізілді

«Айқын нәтиже» және «Қауіпсіз мүлік» жобаларын іске асыру аясында Зеренді ауданының еңбек ұжымдарымен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған кездесу өткізілді.

Кездесу барысында аудан прокуроры Дастан Асқар, аудандық соттың төрағасы С.А. Устажанова және аудандық полиция бөлімінің бастығы Д.Н. Жапаровпен мүліктік қылмыстардың, интернет-алаяқтықтың, есірткі қылмыстарының, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және еңбек заңнамасының мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Азаматтарға «дропперлікке» тартылу тәуекелдері түсіндіріліп, сондай-ақ цифрлық сервистер арқылы кредиттік операцияларды бұғаттау мүмкіндіктері таныстырылды.

Бұл іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мәселелерді жедел шешуге ықпал етеді.

  Ақмола облысының прокуратурасы